Абайділдин Азат Талғатбекұлы
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Абайділдин Азат Талғатбекұлы
Абайділдин Азат Талғатбекұлы
Басқарма төрағасының орынбасары


1982 жылы 14 қаңтарда туған
Азаматтығы: Қазақстан

2003 жылы «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетін бітірген. 2018 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Абай
Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек қызметі туралы мәлімет:
Абайдильдин Азат еңбек жолын 2003 жылы «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ-да Маркетинг
бөлімінің өңірлік менеджері болып бастады.
2005 жылдың мамыры - 2009 жылдың қаңтары аралығында Алматы қаласының әкімдігінде,
Алматы қаласы әкімінің аппаратында Қаржы менеджменті бөлімінің бас маманынан
Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісіне дейінгі лауазымдарда қызмет етті.
2009 жылдың шілдесі - 2010 жылдың маусымы аралығында «Жетісу SERVICE COMPANY»
ЖШС («Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы
қызметін атқарды.
2010 жылдың қыркүйегі - 2017 жылдың маусымы аралығында Маркетинг және техникалық
саясат бөлімінің бас маманынан «Қазақстандық көлік лизингтік компаниясы» АҚ вицепрезидентіне дейінгі қызметтерді атқарды.
2017 жылдың маусымы - 2022 жылдың сәуірі аралығында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
(бұрынғы «ҚДБ-Лизинг» АҚ) Жобалау дирекциясының басшысы болып қызмет етті.
2022 жылдың мамыры - 2023 жылдың қазаны аралығында «Жасыл даму» АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі (экономика және қаржы бойынша) қызметтерін
атқарды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қазандағы шешімімен
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқармасының мүшесі болып сайланды.

Қызметтің келесі бағыттарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды: 1) Өнеркәсіпті дамыту қорының лизингтік және қарыз портфельдерін басқару жөніндегі
қызметтерді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, оның ішінде:
а) әлеуетті лизинг алушыларды/қарыз алушыларды/жобаларды іздеуді, алдын ала іріктеуді
ұйымдастырады;
б) Қордың уәкілетті органдарының лизингтік мәмілені, инвестициялық жобаларды және
қарыз операциясын жүргізу туралы шешімдерді қарауы және қабылдауы үшін қажетті
құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді, тікелей қатысады
және жүргізеді;
в) лизингтік мәміле, инвестициялық жобалар және қарыз операциясы шеңберінде құжаттар
мен шарттарды (қаржы лизингі, қарыз шарттары, қаржы лизингі қызметтерін сатып алу
шарттары және өзге де шарттар) дайындауды және оларға қол қоюды ұйымдастырады,
лизингтік мәмілелердің, инвестициялық жобалардың және қарыз операцияларының
деректерін құрайтын құжаттарды тиісінше қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізуді
қамтамасыз етеді;
г) лизингтік мәмілелердің, инвестициялық жобалардың, қарыз операцияларының кешенді
сараптамасы шеңберінде жобалық, кредиттік және басқа да тәуекелдерді айқындау және
лизингтік мәмілелердің, инвестициялық жобалардың, қарыз операцияларының кредиттік
рейтингтерінің мониторингі бөлігінде қорытындылар дайындауды, қаржы лизингі шарттарын,
қарыз шарттарын, сақтандыру шарттарын, мүлік кепілі туралы шарттарды іске асыру, лизинг
нысанасының және лизинг алушының, қарыз алушының және/немесе сатушының (өнім
берушінің) өзге де міндеттемелерінің түсуіне мониторинг жүргізуді бақылайды;
д) төлем талаптарын, тапсырмаларды, банктік шоттарды тікелей дебеттеуді,
кепілдіктер/кепілгерліктер бойынша талаптарды қоюды, кері қайтарып алуды/тоқтата
тұруды ұйымдастырады;
е) кәсіби қауымдастықтармен және сатушылармен (өнім берушілермен) ынтымақтастықты
дамытуды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда өз құзыретінің
мәселелері бойынша Қордың мүдделерін білдіреді