Жеңілдетілген лизингке арналған сенім телефоны +7 (7172) 790 543
+7 (7172) 796 306 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел желі телефоны

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ шағын және орта бизнес үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосады

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ шағын және орта бизнес үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосады

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Шағын және орта бизнес субъектілері үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске қосады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Қаржыландыру мерзімі-10 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 3 %;
  • Қаржыландыру сомасы - 80 млн. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін;
  • Жоба бастамашысының жеке қатысуы-жоба құнының кемінде 15 %.

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылатын болады, бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс.

Жобаларды қарау кезінде негізгі назар импортты алмастыруға және экспортқа бағдарлануға, яғни өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталатын болады.

Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру Өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының негізгі құралдарын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама бойынша және қаржыландыру алуға өтінімдер жасау мәселелері бойынша толық ақпаратты "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-нан мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 79-63-15, 8 (7172) 79-63-11.

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК
Бәйтерек
Банк развития Казахстана