Call-center +7 (7172) 79-63-63
+7 (7172) 796 306 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел желі телефоны

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында «Еуразиялық банк» АҚ-ның қалған лимитін бөлді

19.08.2022

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Жеңілдікті автонесие бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «Еуразиялық банк» АҚ-на 10 млрд теңге сомасында қалған лимит бөлді.

Осылайша, Қор Бағдарламаға қатысушы банктерді 100 млрд теңге сомасында қаржыландырды, оның ішінде:

  • «Еуразиялық банк» АҚ – 35 млрд теңге;
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ – 27,5 млрд теңге;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 22,5 млрд теңге;
  • «Forte Bank» АҚ – 15 млрд.

Бүгінгі таңда Бағдарламаға автокөлік сатып алуға 31 538 өтінім қабылданып, оның 12 483-і 95,517 млрд теңгеге мақұлданды. Барлығы 77,068 млрд теңгеге 10 015 автокөлік шығарылды.

Өңірлер контекстінде автокөлік сатып алуға ең көп өтініштер түскен:

  • Алматы қаласы – 7 031;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 5 381;
  • Шымкент – 4 664;
  • Қостанай облысы – 2 465;
  • Қарағанды ​​облысы – 2 109;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 732;
  • Павлодар облысы – 1 442;
  • Ақтөбе облысы – 1 144;
  • Жамбыл облысы – 1 112;
  • Қызылорда облысы - 815;
  • Маңғыстау облысы – 720;
  • Атырау облысы – 616
  • Батыс Қазақстан облысы – 594;
  • Ақмола облысы – 571;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 524;
  • Алматы облысы – 470;
  • Түркістан облысы – 148.

Жеңілдікті автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін естеріңізге саламыз. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьверлік несиелеу механизмі негізінде, бастапқы қарыз алушылардың өтелген несиелік төлемдері есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жеңілдікті автонесие бағдарламасы бойынша Револьверлік механизмді іске қосу ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарлануда, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады.

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК
Бәйтерек
Банк развития Казахстана