«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасына қатысты хабарлайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасына қатысты хабарлайды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасына қатысты хабарлайды

21.06.2022

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі-Қор) "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банктеріне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасына қатысты кезекті транштардың бөлінгені туралы хабарлайды. Лимиттердің бөлінетін сомасы :

  • "Еуразиялық Банк" АҚ - 10 млрд тенге;
  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ - 7,5 млрд тенге.

Осылайша, бағдарлама аясында қатысушы банктерге 90 млрд теңге берілді, оның ішінде:

  • "Еуразиялық Банк" АҚ - 25 млрд тенге;
  • "Банк Центр Кредит" АҚ - 27,5 млрд тенге;
  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ - 22,5 млрд тенге;
  • "Forte Bank" АҚ - 15 млрд тенге.

Бөлінген траншты игергеннен кейін 10 млрд теңге мөлшеріндегі қалған лимит "Еуразиялық Банк" АҚ бөлінеді.

Бүгінгі таңда қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдады, 4 847 автомобиль берілді.

Айта кету керек, 90 млрд теңгеден игерілмеген лимит 8 млрд теңгені құрайды. Осы сома шегінде автонесие алуға өтінімдерді тек "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді.

Жаңа автонесиелер беруді одан әрі қатысушы банктер бастапқы қарыз алушылар қайтаратын кредиттік төлемдер есебінен револьверлік несиелеу шеңберінде жүзеге асыратын болады.