Call-center +7 (7172) 79-63-63
+7 (7172) 796 306 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел желі телефоны

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркін толықтырды қ.Нұр-Сұлтан

13.09.2022

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" үшін 55 санитарлық автомобиль сатып алуды қаржыландырды.

Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркін жаңарту жобасы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды.

HYUNDAI маркасының ұсынылатын санитарлық автомобильдері алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибриллятор-мониторлар, көліктік электр сорғыштар, реанимациялық жиынтықтар, электрокардиографтар және т. б.

Жедел медициналық жәрдемнің арнайы автомобильдері қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету деңгейін, сондай-ақ шұғыл тасымалдау кезінде емдеу және реанимациялық іс-шаралар көрсету жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК
Бәйтерек
Банк развития Казахстана