ӨДҚ сұрақтарға түсініктеме берді…
Call-center +7 (7172) 79-63-63

ӨДҚ сұрақтарға түсініктеме берді…

ӨДҚ сұрақтарға түсініктеме берді…

18.05.2022

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында автокөлікті сақтандыру мәселесі бойынша азаматтардан келіп түскен өтініштерге байланысты мынаны хабарлаймыз.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша сатып алынған автокөліктерді сақтандыруға қатысты талаптар бірінші бағдарлама іске қосылған 2015 жылдан бастап күшіне енген.
Бұл жолы - көлік оқиғаларынан, табиғи, жасанды құбылыстардан және үшінші тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен туындайтын тұтынушыларның несиелік тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шара. Бағдарламада тұтынушының сақтандыруға және автокөлікті тіркеуге жұмсайтын шығындарын ескере отырып, жылдық ең жоғары тиімді мөлшерлемені 7,5%-дан асырмау талабын сақтау тұрғысынан банктерге шектеу қою қарастырылған.
Мәселен көлік құны 10 миллион теңге болса, сақтандыру тарифінің мөлшері көлік құнының 1,5 пайызынан (150 мың теңге) аспауы керек.
Сонымен қатар, Қор тұтынушыға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қатысушы банктерге жыл сайынғы (несие берудің барлық кезеңіне бір мезгілде емес) сақтандыру туралы шартты жолдады.