Оңтүстік Қазақстан облысында трансформаторларды шығаратын ең ескі зауыт жаңартылды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Оңтүстік Қазақстан облысында трансформаторларды шығаратын ең ескі зауыт жаңартылды

Оңтүстік Қазақстан облысында трансформаторларды шығаратын ең ескі зауыт жаңартылды

25.03.2019

ОҚО-да 1959 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Кентау трансформатор зауыты» АҚ трансформаторлық жабдықтарды өндіру бойынша ең көне зауыттардың бірі жаңартылды. Зауытты жаңғырту үшін «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, бұдан әрі - ҚДБ-Лизинг) L.A.E. Lughese Attrezzature per l’Elettromeccanica s.r.l. (Италия), KNUTH Werkzeugmaschinen GmbH (Германия), Bystronic Laser AG (Швейцария) Robur Baltia SIA (Латвия) және т.б. сияқтыжетекші жаһандық өндірушілердің трансформаторлық өндірісі үшін металл өңдеу технологиясын ұсынды. Жобаның құны - 787,8 млн. теңге, «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 5% мөлшерлемесі бойынша бөлінген қаражат. Бүгінгі күні жабдық жеткізіліп, сәтті пайдалануға берілді. Бағдарламалық қамтаманы автоматтандырылған басқару негізінде осы жабдық қолмен жұмыс жасауға, өнімділікті арттыруға және өндірістік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа жабдықты іске қосқаннан бері трансформаторлар мен басқа да электр жабдықтары өндірісі жылына 13286 бірлікке дейін артты, оның 20% Ресей Федерациясына экспортталды. Майлы трансформатор қуаттылығы 25000 кВА, кернеуі 110 кВ жететін, сопақ орамасының технологиясы бойынша трансформатор өндірісі игерілді. Осылайша, кәсіпорын өзінің өнімділігін 1,5 есе 20 миллиард теңгеге дейін ұлғайтты, еңбек өнімділігінің өсуі 2 еседен астам өсті, бұл ТМД және Қытай өндірушілерімен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Анықтама үшін: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ электр энергиясын, металлургияны, машина жасауды, көлік, мұнай-газ кешенін, тұрғын үй-коммуналдық саланы қоса алғанда, экономиканың барлық секторлары үшін кеңінен қолданылатын трансформаторлық құрал-жабдықтардың жетекші қазақстандық өндірушісі ретінде белгілі. Қазіргі уақытта компания Қазақстан нарығында және шетелде талап етілетін трансформаторлық жабдықтардың барлық түрлерін шығарады.