Қостанай маршруттарына 50 жаңа автобус шығады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Қостанай маршруттарына 50 жаңа автобус шығады

Қостанай маршруттарына 50 жаңа автобус шығады

10.12.2021

Қостанай автобус паркі едендері төмен жаңа жолаушылар автобустарымен толықтырылды. Жаңарту «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қаржыландыруының арқасында мүмкін болды. 

«СарыарқаАвтоПром» зауыты шығарған LE60 моделіндегі SAZ маркалы техниканың 50 бірлігін «Тобол» ӘКК» АҚ сатып алды және олар ескірген көліктің орнына қазіргі тасымалдаушыларға жалға берілді. 

Жолаушылар автобустары №18, 10, 13, 5, 27 қалалық маршруттары бойынша жүреді, олардың бағыттары облыс орталығы аумағының үлкен бөлігін қамтиды. 

SAZ едендері төмен жолаушылар автобустары Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайларына бейімделгенін атап өтеміз. Бұған дейін қостанайлық автотасымалдаушылар SAZ-ды қала жағдайында тесттен өткізіп, аталған жолаушылар автобустарына оң баға берген болатын.