Семей қаласының автопаркі 60 автобуспен жаңарды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Семей қаласының автопаркі 60 автобуспен жаңарды

Семей қаласының автопаркі 60 автобуспен жаңарды

30.05.2019

«Semey Bus» ЖШС автопаркі «СемАЗ» ЖШС мен «Daewoo Bus Kazakhstan» жасап шығарған жаңа 60 автобуспен толықты. Шілде айының соңына дейін қалада 110 жаңа автобус жолға шығады деп күтілуде.

Автобустар паркін жаңарту жобасы «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылуда. «Семей қаласының қоғамдық көлігін жаңарту» жобасының жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды, оның 3,5 млрд теңгесі жылдық 7%-бен, 7 жыл мерзімге «ҚДБ-Лизинг» АҚ тарапынан бөлінді.

—«Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Семей қаласының автобус паркі 90%-ға дейін жаңартылмақшы. Бұл тек қаланың автобус тасымалы мәселесін шешуге ғана емес, өз кезегінде тиімді жұмыс орындарын ашуға да көмектеседі. Жаңа автобустар заманауи экологиялық стандарттарға сай келеді. Жалпы алғанда, ҚР Үкіметі бекіткен Автобус тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасына Шымкент, Атырау, Семей, Павлодар және Көкшетау қалалары қатысуда. Осы өңірлерде 163 автобус жаңартылды. Өндіріске қабылданғаны 452 автобусты құрайды. Бағдарламаны жүзеге асыру 15 жылға созылады және Қазақстанның барлық аумақтарын қамтиды», - деп хабарлады «ҚДБ-Лизинг» компаниясының баспасөз қызметі.