Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілерге жаңа өрт сөндіру техникасының кілттері табысталды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілерге жаңа өрт сөндіру техникасының кілттері табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілерге жаңа өрт сөндіру техникасының кілттері табысталды

21.12.2021

2021 жылғы 21 желтоқсанда Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай 8  бірлік АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігінің кілті табысталды. 
Техника «Өнеркәсіпті дамыту қоры»АҚ қолдауымен қаржы лизингі жобасы шеңберінде сатып алынды. 

Сатып алынған жаңа техника Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданы мен облыс орталығының өрт сөндіру бөлімшелеріне таратылады. 
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 3 040 рет төтенше жағдайлар орнына шықты. Бұл ретте 347 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аймағынан 1 583 адам эвакуацияланды, 62 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.