Ғалым Үсен Асқарұлы
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
1983 жылы туған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2008 жылы Осака университетіндегі (Осака, Жапония) экономика факультетін бітірген, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
2023 жылы Гарвард университетіндегі Кеннеди мемлекеттік басқару мектебін (Массачусетс, АҚШ) бітірген, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Кәсіби қызметін 2008 жылы бастады:
2008-2011 жылдары Simplex Inc. компаниясында әзірлеуші болып жұмыс істеді. (Токио, Жапония).
2012-2018 жылдары Deloitte Tohmatsu Consulting LLC. компаниясында (Токио, Жапония) әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2019-2020 жылдары әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды жүзеге асырды, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары «BI Innovations» ЖШС (Астана) компаниясында Корпоративтік шешімдерді цифрландыру департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2023-2024 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды және директорлар Кеңесінің шешімімен (2023 жылғы 29 тамыздағы) Басқарма мүшесі болып сайланды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен 2024 жылғы 31 шілдеден бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.