Сыртқы аудитор туралы ақпарат
Call-center +7 (7172) 79-63-63
flowers flowers

«Қазақстан даму банкінің» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, 2022-2023 жылдар үшін қаржылық есептілік аудитін өткізетін аудиторлық ұйым «Аудит КПМГ» ЖШС болып белгіленді. 2022-2023 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша ұзақ мерзімді қызметтерді сатып алу туралы 31.12.2021 жылғы №C-KZA-21-00238 шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша аудит құнының өлшемі ҚҚС есебімен 117 600 мың теңге сомасында белгіленді. 

«Аудит КПМГ» ЖШС 2008 жылдан бастап «ӨДҚ» АҚ қаржылық есептілік аудитін өткізеді. «Аудит КПМГ» ЖШС серіктесін соңғы ауыстыру 2022 жылы болды. 

Шартқа сәйкес, 2022 жыл үшін аудиторлық ұйымның сыйлықақы өлшемі ҚҚС есебімен 56 000 мың теңге құрады және аудиторлық қызметтер көрсетумен байланысты барлық шығынды қамтиды. 

2022 жылы сыртқы аудитор көрсеткен қызметтер тізбесі:

  • Шолу бойынша есеп ұсынылуымен №34 БЕХС бойынша дайындалған ISRE 2410 сәйкес 2022 жылы 30 маусымда аяқталған кезең үшін «ӨДҚ» АҚ жеке қаржылық аралық қысқартылған есептілігіне шолу;
  • Барлық ағымдағы аспектілерде ҚЕХС бойынша қаржылық есептілікті құрастыру нақтылығы туралы тәуелсіз пікір ұсыну мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін және сол күнгі жағдай бойынша Тапсырыс берушінің жеке жылдық қаржылық есептілік аудиті;
  • «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» №234-III Қазақстан Республикасы Заңына сай Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін және сол күнгі жағдай бойынша Тапсырыс берушінің жеке жылдық қаржылық есептілік аудиті (осы тармақ Тапсырыс берушінің талабы бойынша ұсынылады);
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы мәжілісінің хаттамасымен бекітілген үлгіде топтастыру мақсатында құрастырылған 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін және сол күнгі жағдай бойынша жеке қаржылық есептілік аудиті;
  • Қатарлас қызметтерді көрсету. 

Сыртқы аудитор қаржылық есептілік аудитін сатып алу шартының шеңберінде бухгалтерлік және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша кеңестер береді, қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша Директорлар кеңесіне, Аудит жөніндегі комитетке және «ӨДҚ» АҚ басшылығына таныстыру құжатын ұсынады.