Гаппаров Ринат Эдуардович
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Гаппаров Ринат Эдуардович

Ринат Эдуардович Гаппаров, 
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы

1971 жылы 18 сәуірде туған.
Азаматтығы: Қазақстан

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1993-1994 жылдары басқару, бақылау және есеп беру жүйесі: EUROCIS
/ European Fund for Management Development, Франция, Италия.
2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Гаппаров Ринат еңбек жолын 1995 жылы «ABN AMRO Bank Kazakhstan» ЖАҚ ЕБ-де бастады, онда тәуекел-менеджмент департаментінің бас менеджері, синдикатталған қарыздар бөлімінің бастығы, кастодиандық және тіркеу қызметтерін енгізу жөніндегі жобаның басшысы лауазымдарын атқарды. 2003 - 2007 жылдар аралығында «Қазавтотех» ЖШС («Техснаб-К» компаниялар тобы) директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан- ның Даму Банкі» АҚ-да тәуекел-менеджмент департаментінің директоры, жобалау дирекциясының басшысы лауазымдарын атқарды. Жеке құрылымдарда қаржы директоры ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2022 жылғы 4 қазанда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.

Қызметтің келесі бағыттарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды:
1) Өнеркәсіпті дамыту қорының лизингтік портфелін басқару жөніндегі мәселелерді ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
2) лизингтік мәмілелердің кешенді сараптамасы шеңберінде қорытындылардың дайындалуын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасасу жөніндегі рәсімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынастарда өз құзыретінің мәселелері бойынша Өнеркәсіпті дамыту қорының мүдделерін білдіру болып табылады.