Омаров Бақытжан Байділдаұлы
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Омаров Бақытжан Байділдаұлы
ОМАРОВ БАҚЫТЖАН БАЙДІЛДАҰЛЫ

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кредит беру мәселелері жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары


1977 жылы 28 сәуірде дүниеге келген.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
Алматы Экономика және статистика институтын "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде Қазақстанның Даму Банкінде 15 жыл. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер лауазымында бастады, кредиттік блокта 7 жылдан астам жұмыс істеді, 2019 жылғы сәуірден бастап Басқарушы директор болып тағайындалды, 2023 жылғы мамырдан бастап Банктің Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Жетекшілік ететін мәселелер: несиелік, операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқару және бизнес-процестер.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Тәуекелдер жөніндегі комитеттің және "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінің мүшесі.