Тұрысбеков Дәурен Сейілханұлы
- Басты бет
- Корпоративті басқару жүйесі
- Директорлар кеңесі
1980 жылы туған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген.
2009-2010 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Халықаралық бизнес мектебінің магистратурасында Стратегиялық менеджмент (Executive MBA) мамандығы бойынша оқыды.
2013-2014 жылдары Plymouth University (Ұлыбритания) экономика факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Кәсіби қызметін 2001 жылдың қазан айында Қаржы министрлігінде бастады.
2002-2004 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, мемлекеттік борышты талдау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2004-2006 жылдары Индустрия және сауда министрлігінде сыртқы сауда басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2006 - 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде басшылық лауазымдар атқарды.
2011-2021 жылдары "Қазпошта" АҚ-да басшылық лауазымдар атқарды.
2021-2022 жылдары "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқармасының мүшесі болды.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен 2024 жылғы 4 маусымнан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды».
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінің мүшесі, сондай-ақ Аудит комитетінің және Тәуекелдер комитетінің мүшесі болып табылады.