Жайлаубекова Айгүл Әкешайқызы
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77
Жайлаубекова Айгүл Әкешайқызы

ЖАЙЛАУБЕКОВА АЙГҮЛ ӘКЕШАЙҚЫЗЫ
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Қазақстан Республикасының азаматы
1971 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1995 жылы Ұлыбританиядағы Ланкастер университетін бітірді, менеджмент мектебі,  және ұйымдастырушылық менеджмент бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Кәсіби қызметін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Философия және саяси экономика факультетінің оқытушысы/ассистенті ретінде бастады.
1993 жылдың тамызынан 1997 жылдың қазанына дейін - Орталық Азия аймағындағы USAID Миссиясы Экономикалық даму департаментінде, Амстердамдағы MeesPierson Bank N. V. сауда және шикізат мәмілелерін қаржыландыру департаментінде (trade and Commodity Finance), қаржы институттары департаментінде Амстердам қаласындағы ING Bank N. V. шикізаттық тауарларды құрылымдық қаржыландыру бөлімдерінде қызмет атқарды (бас кеңсе).
Қазан 1997 - желтоқсан 2003 - бас өңірлік менеджер/вице-президент, өкілдіктің Бас директоры ING Bank N. V. Өкілдігі, Алматы, Қазақстан.
Қаңтар 2004 - Ақпан 2007 - жаһандық банкинг басшысы/ "Ситибанк Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы, Қазақстан.
2007 жылғы наурыздан 2011 жылғы наурызға дейін - "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ коммерциялық және жаһандық банкинг төрағасының орынбасары / басшысы, Алматы, Қазақстан (2014 жылғы желтоқсаннан бастап "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ ЕБ).
Сәуір 2011 - Ақпан 2015 - "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. HSBC Kazakhstan Халықтық банкке сатылғаннан кейін "Қазкоммерцбанк" АҚ Басқарма мүшесі/Басқарушы директоры, Алматы, Қазақстан.
Маусым 2015 - Мамыр 2016 - "Цеснабанк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана, Қазақстан.
Мамыр 2016 - Шілде 2018 - "InnoVision Management Consultancy" ЖШС серіктесі, Алматы, Қазақстан.
Желтоқсан 2018 - қазіргі уақытқа дейін, қаржы институттары мен компаниялары үшін басқару саласында консалтингтік қызметтер көрсету, уақытша басқару.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен 2021 жылғы 24 мамырдан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды».
Тәуекелдер жөніндегі комитеттің және аудит жөніндегі комитеттің Төрағасы, сондай-ақ кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінің мүшесі болып табылады.