Корпoративті басқару қағидалары
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес қоғамдағы корпоративтік басқару келесі қағидаттар негізінде құрылады:

- Өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты;
- Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
- Директорлар кеңесі мен басқарманың қоғамды тиімді басқару қағидаты;
- Тұрақты даму қағидаты;
- Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау қағидаты;
- Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаттары.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ корпоративтік басқаруы әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және қоғамның табысты қызметіне ықпал етеді. Корпоративтік басқаруды Қоғам өз қызметін жүзеге асыратын нарықта негізсіз артықшылықтар жасау және бәсекелестікті бұрмалау мақсатында қолдануға болмайды.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-дағы корпоративтік басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

- Қоғамда нақты басқару жүйесінің, өкілеттіктердің аражігі мен шешімдер қабылдау процесінің болуы, функциялар мен процестердің қосарлануының болмауы;
- Бірыңғай стандарттар, саясат пен процестер, оның ішінде жоспарлауға, мониторингке және бақылауға, нәтижелілікті бағалауға және түзету іс-қимылдарын қолдануға бірыңғай тәсілдерді айқындау бөлігінде;
- Қоғам қызметіне қатысты сапалы ақпаратқа қол жеткізу;
- Қоғамның тәуекелдерін тиісті басқару.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-да корпоративтік басқару жүйесі мен шешімдер қабылдау процесі "өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының жарғысында және қоғамның басқа да ішкі актілерінде регламенттеледі.

Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарына сүйене отырып, "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің үш мүшесі Жалғыз акционер - "Қазақстанның Даму Банкі"АҚ таңдаған тәуелсіз директорлар болып табылады.

Бүгінгі күні "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің жанында мынадай тұрақты комитеттер құрылды: тәуекелдер жөніндегі Комитет, аудит жөніндегі Комитет, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитет және стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі Комитет. Олардың қызметінің мақсаты қоғам қызметінің жекелеген салаларын терең зерделеу және осы мәселелер бойынша "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесіне консультация беру болып табылады.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар Кеңесінің өз функцияларын толық орындауы, қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің акционерлердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін рәсімдік талаптарды сақтауын қамтамасыз ету үшін корпоративтік хатшы жұмыс істейді.

Корпоративтік хатшының байланыстары - Ботабаева Алия +7 (7172) 79 63 52.

Қоғамда "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Ішкі аудит қызметі, тәуелсіз аудиторлық компаниялардың қоғамның қаржылық есептілігінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкестігін тұрақты тексерулері іске асыратын сыртқы және ішкі бақылаудың тиімді жүйесі құрылған.

Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қоғамның интернет-ресурсында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатын қоғам қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.