«Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» конференциясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ туралы презентация таныстырылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» конференциясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ туралы презентация таныстырылды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» конференциясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ туралы презентация таныстырылды

17.03.2025


2025 жылғы 14 наурызда Атырау қаласында Н.У. Балғымбаев атындағы Коммуникацияларды дамыту орталығы алаңында «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды.

Конференцияға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ өңірлік блогының басшысы Марат Есенов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Батыс өңірі бойынша өкілі Марат Жарылқасынов, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарушы директоры Ермек Смағұлов, салалық компаниялардың топ-менеджерлері, жетекші сарапшылар мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Сонымен қатар, конференцияға онлайн режимде «Қазақстан даму банкі» АҚ жобалармен жұмыс жөніндегі дирекциясының бас банкиры Ерлан Ибраев пен «Қазақстан даму банкі» АҚ Сақтандыру және кепілдік департаменті директорының орынбасары Әділ Муханов қатысты.


Конференцияның негізгі мақсаттары – мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, инвестициялық қызметті ынталандыру, қазақстандық өндірушілерге арналған преференциялар мен қолдау механизмдері туралы ақпарат беру, олардың өндірістік қуаттарын дамыту, компаниялар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және жергілікті қамтуды арттыру болды.

Іс-шараның негізгі бөлімдерінің бірі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметін таныстыру болды. Қордың Батыс өңірі бойынша өкілі Марат Жарылқасынов конференция делегаттарын қаржы институтының елдегі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кластерді кешенді дамытуға бағытталған қызметі, қаржыландыру бағдарламалары мен тетіктері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз сөзінде Марат Жарылқасынов инвестициялық жобалар аясында лизингтік қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемелеріне және қаржы институты тарапынан қарастырылатын құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде Қор мамандарының жан-жақты қолдауына ерекше назар аударды.


Сондай-ақ, Қор өкілі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландыру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Бұл бағдарламалар өңдеу өнеркәсібі мен қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын қамтиды. Белгілі болғандай, 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті сақтау.

Бұдан бөлек, Марат Жарылқасынов конференция қатысушыларына әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қаржыландыру шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, бұл жедел және төтенше қызметтерге арналған көлік, арнайы мақсаттағы автотехника, ауыл шаруашылығы техникасы, автобустар мен әуе көлігін сатып алу жобалары.

Презентацияның қорытынды бөлімінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілі конференция делегаттарын қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.