«Қазлегпром-Алматы» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен тігін өндірісіне арналған жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен тігін өндірісіне арналған жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алды

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен тігін өндірісіне арналған жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алды

13.11.2024


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру шеңберінде отандық өндірушіні қолдады. Лизинг мерзімі жылдық 3% мөлшерлемемен 7 жылды құрады.

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС еліміздегі тігін және аяқ киім өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылып, өз қызметінде әлемдік деңгейдегі жоғары халықаралық стандарттарға сай заманауи өндірістік жабдықтарды сатып алды.

2011 жылы «Қазлегпром-Алматы» ЖШС тігін және аяқ киім фабрикасы құрылған сәттен бастап, кәсіпорын жеке өндірісін іске қосып, өндірістік қызметін бастады. Қазіргі уақытта кәсіпорынның технологиялық құрылымы құрастыру мен модельдеу, дайындау, кестелеу және тігін цехтарынан тұрады.

Фабрика ерлер, әйелдер және балалар аяқ киімін, арнайы аяқ киімді, әскери киім-кешекті, мектеп формасын, спорттық және азаматтық киімдерді шығарады.


Қордың қаржыландыру бағдарламалары өңдеуші өнеркәсіпті қамтып, елдің индустриалдық және инфрақұрылымдық секторларын кешенді дамытуға бағытталғаны мәлім.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауы аясында кәсіпорын күрделілігі әртүрлі аяқ киім түрлерін жоғары сапамен өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтарды сатып алды.


Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан фабрика бұған дейін жылына шамамен 650 000 жұп аяқ киім шығарған болса, жаңа жабдықты енгізу арқылы кәсіпорын өндірістік қуатын айтарлықтай ұлғайтып, жыл сайын бір миллионнан астам жұп аяқ киім шығару мүмкіндігіне ие болды.

Өндірістің көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ 111 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етті.