«Қазполиграф» ЖШС өндірісті жаңғыртуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Қазполиграф» ЖШС өндірісті жаңғыртуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Қазполиграф» ЖШС өндірісті жаңғыртуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырды

07.11.2025


Абай облысының Семей қаласында орналасқан «Қазполиграф» ЖШС өндірісті кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа, жоғары технологиялық баспа жабдықтарын сатып алды. Қаржылық лизинг мерзімі – 10 жыл.

Ескірген жабдықтарды Германия мен Финляндияда өндірілген толық технологиялық жиынтығы бар еуропалық заманауи терең баспа станоктарына ауыстыру отандық қаптама материалдарын өндірушіге өндірістік қуатты 4 есеге арттыруға мүмкіндік береді – жылына 108 миллионнан 432 миллион данаға дейін картон қаптама өнімдерін шығару жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, техникалық қайта жарақтандыру картон қаптамасын өндіру процесінің автоматтандырылуы арқасында тапсырыстарды орындау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, кәсіпорын тамақ және сусын өндірушілер арасында тұрақты сұранысқа ие қаптама өнімдерінің өндірісін айтарлықтай арттырады.


1941 жылдан бастап өз тарихын жалғастырып келе жатқан комбинат бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы қаптама материалдарының кең ассортиментін шығаратын ірі отандық өндірушілердің бірі болып табылады. «Қазполиграф» ЖШС қаптаманы жобалаудан бастап, дайын өнімді тапсырыс берушіге жеткізуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асырады.


Бүгінде кәсіпорын шығаратын өнімнің түрлері кеңейіп, ол сүт өнімдеріне, балмұздаққа, сусындарға, аспаздық дәмдеуіштерге, кондитерлік өнімдерге, қант, ұн, жарма, макарон, шай сияқты сусымалы тауарларға арналған гофроқаптама мен қорап түрлерін өндіреді.


Айта кету керек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауының арқасында «Kazpoligraf» ЖШС жалпы саны 11 бірлік заманауи жабдық пен технологиялық желіні сатып алып, өз өндірістік қуатын айтарлықтай арттырды. Нәтижесінде 46 жаңа жұмыс орны құрылды. Осылайша, бүгінгі таңда кәсіпорынның штаттық саны 665 қызметкерді құрайды.