"ӨДҚ" АҚ 12 қарашада KASE-де 50,0 млрд теңге көлемінде KZ2C00008217 (IDFRb4) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"ӨДҚ" АҚ 12 қарашада KASE-де 50,0 млрд теңге көлемінде KZ2C00008217 (IDFRb4) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

"ӨДҚ" АҚ 12 қарашада KASE-де 50,0 млрд теңге көлемінде KZ2C00008217 (IDFRb4) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

15.11.2021

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға келесі мазмұндағы ақпараттық хабарлама ұсынды:
цитатаның басы
2021 жылғы 12 қарашада "Қазақстан қор биржасы" АҚ-да "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ облигацияларының 3-ші шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ облигацияларының шығарылымы 50 млрд теңге көлемінде орналастырылды, айналым мерзімі 7 жыл. Halyk Finance "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ облигацияларын шығару мен орналастырудың қаржы кеңесшісі және андеррайтері ретінде қызмет етті. Мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ облигациялары Екінші деңгейдегі банктер, брокерлік және сақтандыру компаниялары сатып алған, кірістілігі жылдық 12,4 % мөлшерлемесі бойынша толық көлемде 50 млрд теңге мөлшерінде орналастырылды. Тартылған қаражат өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы лизингтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатынын атап өтеміз. 2020 жылдың қараша айында және 2021 жылдың наурыз айында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ әрқайсысы 50 млрд теңге номиналды көлеммен және 10 жыл мерзіммен облигациялардың 2 шығарылымын орналастыруды жүзеге асырғанын қосымша хабарлаймыз. Ақшалай қаражат лизингтік жобаларды қаржыландыруға бағытталды.
цитатаның соңы