«ӨДҚ» жаңа жайлы вагондарды сатып алуды қаржыландырды.
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«ӨДҚ» жаңа жайлы вагондарды сатып алуды қаржыландырды.

«ӨДҚ» жаңа жайлы вагондарды сатып алуды қаржыландырды.

22.10.2021

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық «Тұлпар» вагон құрастыру зауытынан
жаңа жайлы вагондарды сатып алуды қаржыландырды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 28 заманауи жолаушылар вагонын алды.
Жаңа вагондарда ауаны залалсыздандыруға және тазалауға арналған заманауи
желдету, бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері орнатылған. Санитарлық
талаптарға сәйкес жолсерікке арналған тоңазытқышпен, қысқатолқынды пешпен,
ауыз суы бар диспенсермен және ыстық суы бар титанмен жабдықталған.
Вагондардың қызмет мерзімі 40 жыл.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Қазақстан темір жолы» АҚ-пен бірге жаңа жайлы
жолаушылар вагондарын жаңарту бағдарламасын жалғастырады.