2014 жылғы 8 тамыздағы «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы, «ҚДБ-Лизинг» АҚ) Директорлар кеңесінің шешімімен, «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы Құнанбаев Ерден Аширбековичтің өкілеттігі 2014 жылғы 18 тамызынан бастап мерзімінен бастап тоқтатлды. Алексей Николаевич Боев 2014 жылғы 18 тамызда «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған «БРК-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 19 тамыздағы шешімімен Алексей Николаевич Боев 2014 жылғы 19 тамыздан бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Боев Алексей Николаевич 2004 жылы инженер мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірді. Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы "қаржы және несие" мамандығы бойынша Қаржы Академиясының түлегі. Кейінгі үш жылдағы атқарылған лауазымдары: – 2008 жылғы қарашадан 2013 жылғы мамырға дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобалық Директоратының Басшысы; – 2013 жылғы мамырдан 2014 жылғы наурызға дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Өкілдігінің Ресей Федерациясында (Мәскеу қ.) Директоры; – 2014 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары; – 2014 жылғы тамыздан бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы.«ҚДБ-Лизинг» АҚбасшылардың ауысуы
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
«ҚДБ-Лизинг» АҚбасшылардың ауысуы
25.03.2019