«ҚДБ-Лизинг» трансформатор зауытын жаңғырту жобасын қаржыландырады
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«ҚДБ-Лизинг» трансформатор зауытын жаңғырту жобасын қаржыландырады

«ҚДБ-Лизинг» трансформатор зауытын жаңғырту жобасын қаржыландырады

25.03.2019

«ҚДБ-Лизинг» АҚ Директорлар кеңесі Кентау трансформатор зауытының инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін қолданыстағы өндірісті жаңғырту үшін мақұлдады. Бұл жоба «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,3 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қатысуы 0,7 млрд.теңгені құрайды

Жаңғырту шеңберінде трансформаторлар мен басқа да электр жабдықтарын өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ жоғары қуатты трансформаторлардың жаңа түрлерін шығаруға арналған жабдықтар жеткізіледі және орнатылады. Дайын өнім өндіру жылына 13 мың өнімге дейін артады. Дайын өнімді сату Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында, сондай-ақ басқа ТМД елдерінде (Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Украина, Әзірбайжан) жүзеге асырылады. Кентау трансформатор зауытының жобасы негізгі құралдарды жаңарту, өндірістік және маркетингтік технологияларды дамыту және енгізу, жоғары білікті шетелдік мамандарды және білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуды қамтитын өндірісті жан-жақты жаңғыртуды қарастырады. «ҚДБ-Лизинг» АҚ - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. «БРК-Лизинг» АҚ мемлекеттік лизингтік компаниясы «Өнімділік-2020» бағдарламасының орта және ірі инвестициялық жобаларына арналған ұзақ мерзімді жеңілдікпен лизингтік қаржыландыру операторы болып табылады.. Пресс-қызметі Тел. (7172)54 05 21 вн. 142 e–mail: gulmiraa@kdbl.kz, www.kdbl.kz