"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Май-Дел" ЖШС сүт зауытының тез бұзылатын өнімдерін жеткізу үшін отандық өндірістің 130 изотермиялық вагонын сатып алуды қаржыландырды.
Тез бұзылатын өнімді изотермиялық вагондармен тасымалдау өнімнің сапасын сақтауға, жүкті түпкілікті тұтынушыға жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл өндірілетін өнімнің өзіндік құнына оң әсер етеді.
Сатып алынатын вагондарды "Cool Infinity" ЖШС отандық компаниясы (Петропавл қ.) өндірді.
Изотермиялық вагондар температураны бақылау датчиктерімен және GPRS-навигация жүйесімен жабдықталған, бұл "нақты уақыт" режимінде тез бұзылатын өнімді тиеу кезінде температуралық режимді, сондай-ақ жүктің қозғалысы кезінде температуралық режимді бақылауға мүмкіндік береді. Осы изотермиялық вагондарда өнімнің температурасын сақтау мерзімі 10 күнді құрайды.
Тез бұзылатын өнімді изотермиялық вагондармен тасымалдау елдің ішкі нарығын азық-түлік тауарларымен қанықтыруға ықпал етеді. Жобаны іске асыру бюджетке 3 млрд теңгеден астам сомаға салық түсімдерін қамтамасыз етеді, 10 жаңа жұмыс орнын ашады.
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 130 изотермиялық вагон сатып алуды қаржыландырды
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 130 изотермиялық вагон сатып алуды қаржыландырды
21.10.2022