"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 2020 жылғы 11 қарашада номиналды көлемде 50 млрд теңге облигациялардың дебюттік орналастырылғаны туралы хабарлайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 2020 жылғы 11 қарашада номиналды көлемде 50 млрд теңге облигациялардың дебюттік орналастырылғаны туралы хабарлайды

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 2020 жылғы 11 қарашада номиналды көлемде 50 млрд теңге облигациялардың дебюттік орналастырылғаны туралы хабарлайды

12.11.2020

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 2020 жылғы 11 қарашада жылдық 11,8% купондық мөлшерлемемен және айналым мерзімі 10 жыл номиналды көлемде 50 млрд теңге облигацияларды"Қазақстан қор биржасы" АҚ алаңында дебюттік орналастырғаны туралы хабарлайды. "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ мамандандырылған сауда-саттық арқылы облигацияларды толық орналастыру көлемінде сатып алды.

Қаржы кеңесшісі және андеррайтер ретінде "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ қатысты.

Тартылған инвестициялар экономиканың нақты секторын қаржыландыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталатын болады.

Анықтамалық:

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизинг арқылы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, жетілдіру және тиімділігін арттыру, өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында құрылды.