«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылайды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылайды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылайды

16.08.2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобына кіреді) (бұдан әрі - Қор) түйінді көрсеткіштер бойынша тұрақты өсуді көрсетеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қор қоржынының көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл ретте басым бөлігі шағын және орта бизнес жобаларына тиесілі - 1320 жоба, бұл қолдау көрсетілген жобалардың жалпы санының 93,2% құрайды. Ағымдағы жылдың наурыз айында 23,5 млрд теңге көлемінде дивидендтер төленді, бұл 2023 жылғы таза пайданың 100% -ына тең. Жарты жылда экономикаға тартылған инвестиция 357,5 млрд теңгені құрады.

Қор Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының операторы болып табылады, оның шеңберінде жеңіл өнеркәсіп жобалары үшін 3% мөлшерлемені қоса алғанда, 3-тен 9% -ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша қаржыландыру жүзеге асырылады.

Қор портфелінде өңдеу өнеркәсібі саласында шамамен 709 млрд теңге сомаға 82 қаржыландырылған жоба бар, оның ішінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 255,7 млрд теңге сомасына 32 жоба қолдау тапты.

Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Қор ұсынатын лизинг құралы 4600-ден астам автобус бірлігін, оның ішінде 2024 жылы 450 автобус бірлігін жаңартуға мүмкіндік берді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен бірлесіп еліміздің 16 өңірі бойынша 515 мектеп автобусы жаңартылған болатын.

Еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында Қор құралдары арқылы ағымдағы жылы 157 жолаушылар вагоны және 2000 жүк вагоны сатып алынды.

Бұдан басқа, Қор тұрақты дамуға бағытталған жобаларды қолдай отырып, ESG қағидаттарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, ағымдағы жылдың соңына дейін ESG рейтингін алу жоспарланып отыр. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор Ақмола және Қызылорда облыстары үшін жедел жәрдем машиналарын сатып алуға бағытталған AIX биржасында әлеуметтік облигациялардың дебюттік шығарылымын табысты жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде Қор Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Осы бағдарламаға сәйкес, қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалардың пулы кәдеге жарату төлемдері есебінен қалыптастырылды, осы бағыт шеңберінде 2024 жылы шамамен 70 млрд теңге сомаға жобалар қаржыландырылатын болады.

Ағымдағы жылы Қор шамамен 209 млрд теңге сомаға қаржыландырған 24 жобаны Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында іске қосып, өңдеуші өнеркәсіп саласында 4,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру және сақтауын қамтамасыз етеді.

2021 жылғы желтоқсанда қабылданған Өнеркәсіптік саясат туралы заңға сәйкес Қор жобаларды қаржыландыруды тек ұлттық валютамен жүзеге асырады, валюталық мәмілелер мен қарыздар жоқ. Айта кету керек, Қор өз алдына пайданы барынша арттыруды мақсат етпейді. Қызмет шығынсыздық негізінде жүзеге асырылады. Маржа операциялық шығыстарды өтеуді және іске асырылатын жобалар бойынша тәуекелдерді өтеуді ғана қамтамасыз етеді.

Бизнес-процестерді оңтайландыру және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту шеңберінде онлайн форматта өтінімдер мен шарттарды беру үшін «Жеке кабинет» жүйесі әзірленіп, енгізілді (рәсім өтінім беруді жеңілдетеді, мерзімді қысқартады, себебі өтінім берушінің жеке қатысуы талап етілмейді, өйткені өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қойылады).

Әлеуетті өтінім берушілерді кеңінен қамту мақсатында Қор өңірлік дирекция құрды, оның мамандары елдің 5 өңірінде орналасқан (әлеуетті өтінім берушілерге құжаттар пакетін ресімдеу, жинау және сараптамаға ұсыну жөнінде кеңес береді): Атырау қаласы, Шымкент қаласы, Павлодар қаласы, Қостанай қаласы, Ақтау қаласы.