«Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ 4% жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының тетігін түсіндірді
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ 4% жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының тетігін түсіндірді

«Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ 4% жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының тетігін түсіндірді

16.05.2022

Бұдан бұрын хабарланғандай, жеңілдікті кредит беру бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы 100 миллиард теңгені құрайды, ол бағдарламаның қолданылу кезеңінде қайтарымды-жаңартпалы негізде пайдаланылады. Бағдарлама 16 мамырда басталады. Кредит беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады. Бағдарламаның қолданылу мерзімі - 30 жыл.

Кредит беру мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4 %;
  • кредит беру сомасы - 10 миллион теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна - 0 % бастап;
  • көлік құралының құны - 15 миллион теңгеден аспайды

Бағдарламаның арқасында Қазақстан азаматтарында келесі брендтердің қазақстандық өндірістегі жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алу мүмкіндігі бар:

Kia, Hyundai, Chevrolet, JАС, LADA (www.kia.com.kz/, www.hyundai.com/, www.sap.com.kz/, www.allur.kz)

Өндірушілердің модельдер қатары жаңартылған сайын, тізім жаңартылуы мүмкін.

Автокредит алу үшін екінші деңгейлі банктерге: «Еуразиялық Банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ-ға жүгінуге болады. Бұл тізім түпкілікті емес, екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерін қарау шамасына қарай, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бағдарламаға қатысушы-серіктестерді қосатын болады.

Жеңілдікті кредит беру бағдарламасына қалай қатысуға болады:

1. Тұтынушы дилерлік автоорталыққа жүгінеді және отандық өндіріс автомобилін таңдайды;

2. Дилерлік автоорталықтың өкілдері қарыз алушыға 5 банк күнінен аспайтын мерзімге төлемге шот береді;

3. Тұтынушы банкке төлем шотымен жүгінуі керек;

4. Тұтынушының өтінімін банкке қабылдаған сәттен бастап банк тұтынушыны өзінің электрондық кезегіне қояды;

5. Банк тұтынушының төлем қабілеттілігі мен кредит тарихын бағалайды. Оң шешім қабылданған жағдайда Банк кредит беруге мақұлдау және кепілдік хат береді.

6. Тұтынушы банктен кепілдік хатты ұсынуы керек.

7. Кепілдік хатты алғаннан кейін тұтынушы автокөлікті тіркеу үшін дилерлік автоорталыққа жүгінуі тиіс.

8. Егер тұтынушы кепілдік хатты алған сәттен бастап 10 банк күнінен кешіктірмейтін мерзімде банктік қарыз шартын ресімдемесе, тұтынушы кезектен шығарылады.

Айта кету керек, өтінім бергеннен кейін тұтынушы таңдалған автомобильдің маркасы мен моделін өзгерте алмайды немесе кезекте тұрған орынды басқа жеке тұлғаға қайта тіркей алмайды. Бас тартқан жағдайда қарыз алушы электрондық кезектен шығады және оның орнына жаңа қатысушылар қосылады. Бұл бағдарламаға бір тұтынушы 2 жылда 1 рет қатыса алады.

Төлем қабілеттілігін тексерумен және автоқарызды мақұлдаумен екінші деңгейдегі банктер (серіктес банктер) айналысады. Банк өтінімді мақұлдағаннан кейін мақұлданған өтінімнің мәртебесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қатысуынсыз тиісті банктің платформасында (онлайн кезек) тұтынушының өзі қадағалайды.

Forte Bank: https://bank.forte.kz/credits/carloans

Қазақстан Халық Банкі: https://halykbank.kz/credit/lgotnoe-avtokreditovanie

Еуразиялық Банк: https://eubank.kz/autocredits/preferential-credit/

БанкЦентрКредит: https://www.bcc.kz/product/kreditovanie_na_pokupku_novogo_avtomobilya_pod_4_godovih/

Автоорталықтарда Сіз консультация алып, өтінім бере алатын банк менеджерлері бар. Сондай-ақ, банкке онлайн өтінім беруге болады. Бір тұтынушыдан екінші деңгейдегі әр түрлі банктерге бір реттік өтінім беруге ешқандай шектеулер жоқ.