"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ тобына кіреді) AIX биржасында айналыс мерзімі 3 жыл болатын әлеуметтік облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды.
Шығару шеңберінде тартылған қаражат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Ақмола және Қызылорда облыстарының әкімдіктеріне одан әрі берілдетін жедел жәрдем машиналарын сатып алуға бағытталатын болады.
Әлеуметтік облигацияларды шығару процесі халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) белгілеген әлеуметтік облигациялар қағидаттарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. "Екінші Тараптың пікірі" форматындағы сыртқы бағалауды АХҚО жасыл қаржы орталығы осы орналастырудың тұрақты қаржыландырудың жоғары стандарттарына сәйкестігін растай отырып ұсынды.
"Біздің AIX биржасында дебюттік орналастыруымыз Қордың әлеуметтік жауапты инвестицияларды дамытуға деген ұмтылысын растайды. Осы шығарылым барысында тартылған қаражат Ақмола және Қызылорда облыстарындағы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталады, бұл өз кезегінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттырады", - деп "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ибрашева Жанар Шатырханқызы атап өтті.
Ұсынылған сыртқы бағалауға сәйкес, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқарудың, тартылған қаражатты бөлудің, жобаларды іріктеудің, тартылған қаражатты басқару сапасының, әлеуметтік маңызы бар іске асырылып жатқан жобалар туралы есептіліктің және ақпаратты ашудың тамаша деңгейін көрсетеді.
Анықтама:
АХҚО жасыл қаржы орталығы Орталық Азиядағы тұрақты қаржы құралдарын верификациялау жөніндегі Халықаралық әдіснамалық орталықтар аккредиттеген жалғыз ұйым бола отырып, өңірдегі тұрақты қаржы нарығын дамытуға белсенді ықпал етеді. Қазіргі уақытта ХЖҚО мынадай Қор алаңдарында тұрақты облигациялар шығару бойынша эмитенттермен тығыз өзара іс-қимыл жасайды: АХҚО биржасы (Қазақстан), Қазақстан қор биржасы (Қазақстан), Ташкент қор биржасы (Өзбекстан), Орталық Азия қор биржасы (Тәжікстан), Баку қор биржасы (Әзірбайжан) және Қырғыз қор биржасы (Қырғыз Республикасы).
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы болып табылады, "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді және Ва1 (Moody's) кредиттік рейтингіне ие. Қордың қызметі жоғары әлеуметтік-экономикалық әсері бар жобаларды қаржыландыру арқылы отандық кәсіпорындарды қолдауға және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған.