«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 50 күнде мыңнан астам көлік бірлігі жеткізілді
Бірыңғай байланыс орталығы 9077

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 50 күнде мыңнан астам көлік бірлігі жеткізілді

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен 50 күнде мыңнан астам көлік бірлігі жеткізілді

20.12.2024


2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен еліміздің әртүрлі салалары мен секторларына тартылған бірқатар ведомстволар мен ұйымдар жалпы саны 1027 көлік бірлігін алды.


Қордың көмегімен 50 күн ішінде төмендегідей техника түрлері жеткізілді:

  • Жедел медициналық жәрдем көліктері — 60 бірлік;
  • Өртке қарсы қызметке арналған автотехника — 40 бірлік;
  • Құқық қорғау органдарына арналған автокөлік — 150 бірлік;
  • Қоғамдық көліктегі жолаушылар автобустары — 63 бірлік;
  • Темір жол саласына арналған жолаушылар вагондары — 1 бірлік;
  • Темір жол саласына арналған жүк вагондары — 653 бірлік;
  • Ауыл шаруашылығы техникасы — 12 бірлік;
  • Арнайы мақсаттағы автотехника — 41 бірлік
  • Орман шаруашылығына арналған техника — 3 бірлік;
  • Су шаруашылығына арналған техника — 3 бірлік;
  • Электр пойызы — 1 бірлік.


Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін еліміздің әртүрлі салалары мен секторларына тағы 707 көлік бірлігі жеткізіледі, оның ішінде:

  • Жедел медициналық жәрдем көліктері — 25 бірлік;
  • Өртке қарсы қызметке арналған автотехника — 223 бірлік;
  • Қоғамдық көліктегі жолаушылар автобустары — 82 бірлік;
  • Темір жол саласына арналған жолаушылар вагондары — 50 бірлік;
  • Темір жол саласына арналған жүк вагондары — 133 бірлік;
  • Ауыл шаруашылығы техникасы — 63 бірлік;
  • Арнайы мақсаттағы автотехника — 52 бірлік;
  • Орман шаруашылығына арналған техника — 72 бірлік;
  • Су шаруашылығына арналған техника — 7 бірлік.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ корпоративтік саясатының негізгі қағидаты — азаматтар үшін ұзақ мерзімді тиімділігі бар жобалардың әлеуметтік бағдарлануы. Қор еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік сала үшін арнайы автокөліктер сатып алуға, сондай-ақ өңірлерде қоғамдық көлікті жаңартуға белсенді түрде қатысады, бұл қызметтерді күн сайын республиканың мыңдаған азаматтары пайдаланады.