«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етті
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етті

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етті

17.08.2022

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) «Жасыл Даму» АҚ-дан 30 млрд теңге тартты.

Бұл қаражат «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын одан әрі лизингке беру үшін жеңілдетілген шарттармен қорландыруға бағытталады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазақстандық ауылшаруашылық техникасын өндірушілер 1500-ден астам тракторлар мен комбайндар дайындады, бұл жаңа өндіргіш техникаға қазіргі қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның қолайлы шарттары (6%-дық сыйақы мөлшерлемесі, аванстық төлемсіз, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімі және негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең) аграрлық қызметкерлерге айналым қаражатын босатуға және егін жинау науқаны кезінде шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін 20 жылға есептелген Бағдарлама бойынша одан әрі қаржыландыру револьверлік негізде жүзеге асырылады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға бағытталады.