«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша республикалық конференцияға қатысты
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша республикалық конференцияға қатысты

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша республикалық конференцияға қатысты

18.04.2024

18 сәуірде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеу жөніндегі республикалық конференцияға қатысты.

Конференция гибридті іс-шара форматында өтті, оған қазақстандық және халықаралық спикерлер "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Абайділдин Азат Талғатбекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлиев Жомарт Шияпұлы, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары Әмірин Мұрат Амангелдиұлы, "Einoia" Бас директоры Чо Хен Гон, "Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы, "KazakhExport "ЭСК" АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әубәкіров Батырбек Теміртасұлы және бизнес-қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.


Конференцияда Қордың қаржыландыру құралдары таныстырылды. Қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытудың халықаралық тәжірибесін, тұйық цикл экономикасының аспектілерін, салық мөлшерлемелері саласындағы заңнаманы, шағын және орта бизнесті қаржыландыру және субсидиялау құралдарын, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы шикізат пен логистика мәселелерін талқылады.


Кездесу қорытындысы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Қазақстанның қайталама шикізатын қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның аясында тараптар қайталама шикізатты қайта өңдеуші кәсіпкерлерді қолдау, жобаларды қаржыландыру құралдары туралы ақпараттандыру, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту және т.б. мәселелер бойынша өзара әрекет жасауға ниетті.


Естеріңізге сала кетейік, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама лизинг және несиелеу құралдары арқылы келесі шарттарда қаржыландыруды ала алатын отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі - 3%:
  • қаржыландыру валютасы - теңге;
  • Лизинг алушының өз қатысуы - жоба құнының кемінде 20-ы, оның кемінде 10%-ы ақшалай қаражатпен.