«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысын лизинг арқылы қаржыландыруды жалғастыруда
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысын лизинг арқылы қаржыландыруды жалғастыруда

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысын лизинг арқылы қаржыландыруды жалғастыруда

19.05.2025


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасы бойынша шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысын лизингтік қаржыландыруға бағытталған арнайы бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Бағдарлама аясында қаржыландыру жылдық 12,6% мөлшеріндегі бірыңғай сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады.

Бағдарламаның басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерін дайын өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету. Осы бастама Қордың қаржылық қолдауы арқылы отандық кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасап, ел экономикасына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Бастапқы кезеңдегі кәсіпорындар үшін негізгі түйткілдердің бірі – өндірістік нысанды сатып алу немесе жалға алу қажеттілігі. Қордың бұл бастамасы жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары мен өндірісін енді бастаған стартаптарға нақты қолдау көрсетуді көздейді.

Шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылыс салушының меншігіндегі немесе жалға алынған жер телімдерінде орналастырылады. Әрбір аймақтың жалпы ауданы кемінде 1500 шаршы метрді құрап, оның 80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілерінің қажеттіліктеріне арналуы тиіс. Бұл өндірістік алаңдарға нарықтағы бағадан едәуір төмен шарттармен қол жеткізуге мүмкіндік беріп, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырады.

Қордың қаржылық қолдауымен іске асырылатын бұл бағдарлама келесі негізгі мақсаттарға бағытталған:

  • Кәсіпкерлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – дайын және тиімді өндірістік инфрақұрылым ұсыну арқылы бастапқы инвестициялық шығындарды төмендетіп, өндірісті дамытуды жеңілдету;
  • Бәсекеге қабілетті өндірістік қуаттарды дамыту – бұл бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қолдау көрсетуімен қатар, жаңа өндірістердің құрылуына ықпал етеді;
  • Жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту – шағын өнеркәсіптік аймақтарда бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.

Шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту – бұл ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосатын маңызды қадам. Бағдарламаның іске асуы шағын және орта бизнестің үлесін арттырып, салық түсімдерін көбейтіп, ұзақ мерзімді кезеңде мультипликативтік әсерге қол жеткізуге сеп болады.