«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева KASE-дегі сауда-саттықты ашу салтанатына қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева KASE-дегі сауда-саттықты ашу салтанатына қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева KASE-дегі сауда-саттықты ашу салтанатына қатысты

19.09.2025


2025 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласында KASE алаңында халықаралық «Ring the Bell for SMEs: Unlocking Capital Markets Potential» бастамасына арналған сауда-саттықты ашу салтанаты өтті. Бұл бастама шағын және орта бизнестің (ШОБ) тұрақты дамуын, капитал нарықтарының әлеуетін кеңейтуді және Қазақстан Республикасы экономикасындағы ШОБ рөлін нығайтуды көздейді.

Іс-шараға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, салалық мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, жетекші қаржы сарапшылары және отандық компаниялардың басшылары қатысты.

Салтанат аясында «Impact investing Қазақстанда жұмыс істей ме: ШОБ призмасы арқылы көзқарас» тақырыбында пікірталас өтті. Сарапшылар өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева даму институтының қызметі, қаржыландыру бағдарламалары және Қор тарапынан көрсетілетін шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы қатысушыларға ақпарат берді.

- Бүгінгі таңда Қор портфелі 2,3 трлн теңгені құрайды, оның құрылымының басым бөлігі ШОБ секторындағы кәсіпорындардан тұрады. Бұл Қор тарапынан ШОБ кәсіпорындарына жүйелі қолдау көрсетілетінін және олардың ел болашағының тұрақты дамуы үшін негіз болып табылатынын көрсетеді. Бұдан бөлек, бүгінгі күн тәртібін ескере отырып, Қор брокерлер және биржамен бірлесіп ШОБ-ты қолдау бойынша бірлескен Бағдарлама әзірлеуді ұсынып отыр. Бұл шағын және орта бизнеске ішкі капитал нарығынан инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Бұл — ESG күн тәртібінің негізгі қағидаттарының бірі, - деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.

Өз кезегінде KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ел экономикасындағы ШОБ-тың маңызды рөлін атап өтіп, бұл сектордың әлеуеті зор екенін – тек табысты бағыттарды дамытуда ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, экологиялық және экономикалық бастамаларды іске асыруда да ерекше екенін айтты. Оның айтуынша, KASE тек сауда алаңы ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуды ілгерілету жолында мемлекет, инвесторлар және бизнес арасында диалог орнатуға арналған платформа болуға дайын.

Іс-шара идеялар мен практикалық тәжірибе алмасуға арналған ашық алаңға айналды. Онда ШОБ дамуының негізгі сын-қатерлері мен перспективалары және тұрақты өсімді қолдаудағы қор нарығының рөлі талқыланды. Салтанатты шара БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» (UN SSE) жаһандық бастамасы аясында өтті, оның қатысушысы KASE 2015 жылдан бері болып табылады.