«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Тюлебеков «CFO Forum I: Real Economy 2025» форумына қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 9077

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Тюлебеков «CFO Forum I: Real Economy 2025» форумына қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Тюлебеков «CFO Forum I: Real Economy 2025» форумына қатысты

08.12.2025


2025 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында қаржы блогының басшылары мен топ-менеджерлерін: тиісті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, коммерциялық құрылымдар, елдің нақты сектор компанияларының өкілдерін жинаған «CFO Forum I: Real Economy 2025» салалық форумы өтті.

Іс-шараны Fin Club командасы – кәсіби сарапшылар қоғамдастығын, мемлекет пен бизнес өкілдері үшін жалпы талқылау кеңістігін дамыту үстінде жұмыс істейтін қаржы талдаушыларының бірлестігі ұйымдастырды.


Аталған форумға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Тюлебеков қатысып, диалог алаңының негізгі спикерлерінің бірі болды.

«Мемлекет пен бизнес – өсу үшін әріптестік» панельдік сессиясы барысында Қор өкілі қатысушыларға қаржы институтының елдегі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кластерлерді кешенді дамытуға бағытталған қызметі, қаржыландыру механизмдері мен бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Спикер Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы, локализация деңгейін арттырудағы, қазақстандық өнім желісін кеңейтудегі, жаңа жұмыс орындарын ашудағы елеулі рөлін атап өтті.


Форум барысында қаржы секторының басшылары интерактивті форматта корпоративтік басқару тәжірибесі мен практикаларымен алмасып, елдің нақты экономикасының өзекті мәселелерін толық талқылай алды.

Іс-шара корпоративтік қаржы, экономикалық саясаттың болашағы мен мүмкіндіктері, сондай-ақ технологиялық трансформация туралы диалог пен кәсіби пікірталастар үшін ашық алаң болды.