2025 жылғы 10 желтоқсанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандарына арналған ИДБ стандарттары бойынша ислам қаржыландыру құралдарына арналған оқу семинары өтті.
Тренинг Ислам даму банкі миссиясының 2025 жылғы 8 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде өтті.
Аталған іс-шараның лекторы болып Ислам даму банкі шариғат мәселелері бөлімінің бастығының орынбасары Сулейман Далхату Сани табылды.
Спикер тыңдаушыларға AAOIFI халықаралық стандарттарына негізделген қаржы жүйесі туралы толық ақпарат берді, ислам банк ісінің құрылымы, қаржылық әріптестіктің практикалық тәжірибесі, IsDB егеменді қаржыландыру құралдары туралы айтып берді.
Іс-шара барысында спикер ислам банкінің салымшылар мен акционерлерден қаражат пулын қалыптастыратынын атап өтті. Аталған қаражаттар сауда мәмілелеріне, жалға беруге, капиталға қатысуға, құрылысқа және өндіріске орналастырылады.
Семинар интерактивті форматта өтті, оқу іс-шарасының соңында Сулейман Далхату Сани қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.




