«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық термос вагондарды сатып алуды қаржыландырды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық термос вагондарды сатып алуды қаржыландырды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық термос вагондарды сатып алуды қаржыландырды

17.06.2021

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тез бұзылатын жүктерді тасымалдау үшін 65 изотермиялық термос вагонды сатып алу бойынша жобаны қаржыландырды. Бүгін 15 вагоннан тұратын алғашқы партия қабылданды.

Термос вагондарды «Изотранс Қазақстан көлік компаниясы» ЖШС сатып алды. Өнім беруші «Cool Infinity» ЖШС болды, ол ТМД аумағындағы осы өнім түрінің жалғыз өндірушісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі инфрақұрылым түріндегі Ұлттық тауар өткізу жүйесін – азық-түлік тізбегінің ысырабын төмендету, бағаларды тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын, оның ішінде Еуразиялық хаб құру мәселелерін кешенді шешу үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарының (КТО) желісін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл вагондар сыртқы орта ауасының жоғары және төмен температураларының әсерінен қорғауды талап ететін, 10 тәулікке дейін жарамдылық мерзімімен тиегенге дейін термиялық дайындалған (мұздатылған, салқындатылған немесе жылытылған) және биологиялық жылу бөлмейтін тез бұзылатын жүктерді, сондай-ақ тез бұзылмайтын азық-түлік және азық-түлік емес ыдыс-даналы жүктерді тасымалдауға арналған. 

Осы жобаны іске асыру отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, әр түрлі елдерден түпкілікті тұтынушыға дейін өнімді жеткізу бойынша шығындарды төмендетуге және тұтастай алғанда сауда инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ алдағы уақытта да отандық өндірушілерге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.