«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық вагон-термостарды жеткізуді аяқтады.
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық вагон-термостарды жеткізуді аяқтады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ изотермиялық вагон-термостарды жеткізуді аяқтады.

16.09.2021

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Изотранс Қазақстан көлік компаниясы» ЖШС-ның өтінімі бойынша изотермиялық вагон-термостарды жеткізуді аяқтады. 
ТМД аумағында аталған өнімдердің түрін бірден-бір өндіретін отандық өндіруші «Cool Infinity» ЖШС жеткізуші болып табылады. 
Изотермиялық вагон-термостар жарамдылық мерзімі 10 тәулікке дейінгі тез бұзылатын жүктерді, сонымен қатар тез бұзылмайтын азық-түлік және азық-түлік емес ыдысты-даналанған жүктерді тасымалдауға арналған. 
Аталған жобаны іске асыру отандық тауар өндірушілер үшін жағымды жағдай жасауды қамтамасыз етуге, түрлі елдерден өнімдерді соңғы тұтынушыға дейін жеткізу бойынша шығындарды азайтуға және жалпы алғанда сауда-саттық инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі.