«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Kazakhstan Machinery Fair 2023» көрмесіне қатысты
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Kazakhstan Machinery Fair 2023» көрмесіне қатысты

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Kazakhstan Machinery Fair 2023» көрмесіне қатысты

12.05.2023

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ondeu Expo халықаралық өңдеуші өнеркәсіп көрмесіне және Kazakhstan Machinery Fair – 2023 халықаралық машина құрастыру және металды өңдеу жөніндегі арнайы мамандандырылған көрмесіне қатысты. 
Көрме өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жаңа жабдықтар мен технологияларды өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасындағы кездесулер мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болып табылады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина құрастырушылар одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болды. 

Осы жылы көрмеде Өнеркәсіпті дамыту қорының серіктестері - «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС, «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «QazTehna» ЖШС, «АгромашХолдинг» ЖШС, «Вираж» ЖШС және т.б. өз экспозицияларын ұсынды.

Қордың өз өнімдері мен қызметтерін таныстырып, сонымен қатар өз серіктестеріне қолдау көрсете отырып, көрмеге 2022 жылдан қатысып келе жатқанын атап өтеміз.