«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері «TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT FORUM – 2024» халықаралық форумына қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері «TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT FORUM – 2024» халықаралық форумына қатысты

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері «TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT FORUM – 2024» халықаралық форумына қатысты

31.10.2024


2024 жылдың 31 қазанында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған «TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT FORUM – 2024» халықаралық форумы өтті.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерсайн Хамитов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулының орынбасары Люй И, «Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің бас қауымдастығы CCPIT» ұйымының бас хатшысы Чэн Хунцян, Хубэй провинциясының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының бас хатшысы Хуан Лися, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың ірі инвестициялық компанияларының бірінші басшылары қатысты.

«TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT FORUM – 2024» халықаралық форумының негізгі тақырыптары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту механизмдері, инвестициялық ортаны жақсарту, сондай-ақ туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы салаларында екі елдің өзара тиімді қарым-қатынасы болды.


Іс-шара аясында пленарлық отырыс өтті, сондай-ақ «Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы», «Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы – 2025», «Экономиканың негізі – ауыл шаруашылығы» және «Цифрлық трансформация» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, форум бағдарламасына сәйкес, Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылып, жергілікті өндірушілердің тауарларының көрмесі өтті.

Форум барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Төлебеков шараға қатысушы мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіп, Қазақстанда өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық секторларды кешенді дамытуға бағытталған қаржы институтының қызметі, қаржыландыру механизмдері мен бағдарламалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ делегаттарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.