"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік бағдарламасының арқасында Ақтөбе облысының медициналық мекемелеріне 52 жедел жәрдем көлігі берілді.
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік бағдарламасының арқасында Ақтөбе облысының медициналық мекемелеріне 52 жедел жәрдем көлігі берілді.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік бағдарламасының арқасында Ақтөбе облысының медициналық мекемелеріне 52 жедел жәрдем көлігі берілді.

27.08.2022

ҚР Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе облысының ауруханаларына жалпы құны 2 млрд теңге болатын Hyundai және JAC Sunray маркалы 52 санитарлық автокөлік тапсырылды. Осылайша, Ақтөбе облысында Жедел медициналық жәрдем көліктеріне қажеттілік толығымен жабылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше назар аударамыз. Сондай-ақ, денсаулық сақтаудың жаңа нысандарын, оның ішінде ауылдық жерлерде де салып жатырмыз. Облыс тұрғындарын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кілттерді тапсыру рәсіміне жиналған медицина қызметкерлеріне.

52 новые машины скорой помощи передали в медучреждения Актюбинской области

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір әкімі көп нәрсе медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне және олардың шеберлігіне байланысты екенін атап өтті.

52 новые машины скорой помощи передали в медучреждения Актюбинской области

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Біз үшін бұл өте қуанышты оқиға. Жаңа көліктердің арқасында біз медициналық көмектің сапасын арттыра аламыз, медицина қызметкерлерін пациенттерге, ал пациенттерді медициналық мекемелерге жеткізуді жеделдете аламыз. Аудандық жедел жәрдем қызметтерінің назардан тыс қалмағаны ерекше қуантады. Облыс әкімінің қолдауының арқасында біз автомобильдерге деген қажеттілікті толығымен жауып тастадық, - деп атап өтті облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Марат Жанқұлов.

52 новые машины скорой помощи передали в медучреждения Актюбинской области

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

32 жаңа автокөлік Ақтөбе тұрғындарына қызмет көрсетеді, 17 реанимобиль аудандық жедел медициналық жәрдем бөлімшелеріне жіберіледі, тағы үш реанимобиль медициналық авиация бөлімшесіне беріледі.

52 новые машины скорой помощи передали в медучреждения Актюбинской области

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: zakon.kz