
Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өзі үшін кезекті рекордтық белгіге және ілгерілемелі дамудың жаңа деңгейіне жетті: лизингтік және кредиттік портфельдің жалпы көлемі 3 триллион теңгеден асты.
Портфельді жүйелі түрде ұлғайту және осы көрсеткіштерге кезең-кезеңімен, жоспарлы қол жеткізу Қордың Даму стратегиясын жедел және уақтылы шешімдермен, бірізді іске асырумен байланысты болып табылады және нақты экономика секторын қаржыландырудың ауқымды кеңеюін, сондай-ақ ҚДҚ құралдарына деген жоғары сұранысты көрсетеді.

— Қор портфелі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, бұл Қордың кәсіпкерлікті дамытуға және тұрақты экономикалық база қалыптастыруға стратегиялық бағдарын айқындайды. Портфельдің осы деңгейіне қол жеткізу индустриялық даму бағдарламаларын және ел Үкіметі қойған өңдеуші өнеркәсіптегі жобаларды қаржыландыруды арттыру міндеттерін дәйекті іске асыруды айғақтайды. Өнеркәсіпті дамыту қорының индустриялық және инфрақұрылымдық салаларды қолдаудың негізгі тетігі — республиканың тұрақты экономикалық өсуіне, ең алдымен, ұзақ мерзімді, мультипликативті әсер ететін инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру болып табылады. Қор портфелі жоғары диверсификациямен сипатталады және көлік, коммуналдық және өндірістік инфрақұрылымды жаңартуды қоса алғанда, экономиканың басым салаларын қолдауға бағытталған, — деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.
Бүгінгі күні Өнеркәсіпті дамыту қоры республиканың индустриялық секторындағы шамамен 170 ірі инвестициялық жобаны қолдады. Оларды іске асыру нәтижесінде жаңа машина жасау кәсіпорындары, тігін өнімдері, тұрмыстық техника, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары және отандық өнім ауқымын кеңейтуге, локализация деңгейін арттыруға және импортты алмастыруға ықпал ететін өзге де тауарлар өндірушілер құрылды.
Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қолдаумен қатар, Қор елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға белсенді қатысуда. ӨДҚ-ның қаржылық қолдауымен оның қызмет еткен барлық уақытта елдің бойынша 37 000-нан астам отандық техника бірлігі жаңартылды - жолаушылар автобустары, вагондар, жедел қызметтер көліктері, электр пойыздары, іздестіру-құтқару функцияларын атқаратын ұшақтар мен тікұшақтар және әртүрлі мақсаттағы өзге де көліктер.
Осылайша, қол жеткізілген портфель көлемі Қордың тұрақты даму динамикасын, қаржыландыруды қамтамасыз етудегі оның басты рөлін және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өсуіне елеулі үлесін растайды.




