«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өндірістік жабдықтарды сатып алуға «VALTHERM» ЖШС-ге қаржылық қолдау көрсетті
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өндірістік жабдықтарды сатып алуға «VALTHERM» ЖШС-ге қаржылық қолдау көрсетті

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өндірістік жабдықтарды сатып алуға «VALTHERM» ЖШС-ге қаржылық қолдау көрсетті

23.12.2024


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Алматы қаласының Индустриялық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын өндіруге арналған заманауи жабдықтарды сатып алу үшін отандық өндіруші «VALTHERM» ЖШС-ге қаржылық қолдау көрсетті. Лизинг 9% мөлшерлемемен 10 жыл мерзімге берілді.

Айта кету керек, бұған дейін жобаның бірінші кезеңі аясында кәсіпорын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизингтік қаржыландыруымен қажетті жабдықтардың алғашқы партиясын сатып алған болатын.


Ағымдағы жылы жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары және өндірістік персоналды оқыту шаралары жүзеге асырылды. 2024 жылдың қыркүйек айында жылыту радиаторларының өндірісі сәтті іске қосылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның технологиялық цикліне алюминий қорытпасынан жоғары қысыммен құю кешені, радиаторларды автоматтандырылған бояу желісі және жылыту радиаторларын механикалық өңдеу желісі кіреді. Өндіріс үдерісі бөлшектерді жобалау мен дайындаудан бастап, оларды құрастыру және дайын өнімнің сапасын мұқият бақылауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.


Жобаның екінші кезеңі радиаторлар өндірісінің қуаттылығын арттыру үшін қосымша технологиялық жабдықтарды сатып алуды қарастырады. Сонымен қатар, шикізатты, жинақтаушы бөлшектер мен дайын өнімдерді сақтау үшін арнайы қоймалардың құрылысын қамтиды.

Айта кетсек, «VALTHERM» ЖШС-нің өнімі тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік, өнеркәсіптік және басқа да нысандарды салуда маңызды рөл атқарады. Жылу радиаторларынсыз көп пәтерлі тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар және орталықтандырылған жылумен жабдықталған басқа да ғимараттарды елестету мүмкін емес.


Жаңа жабдықтардың іске қосылуымен «VALTHERM» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 14 миллион радиатор секциясын құрайтын болады. Бұл өндіріс көлемі ішкі нарықтың сұранысын едәуір қамтамасыз етіп қана қоймай, көршілес елдерге экспорт жасауға мүмкіндік береді.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен қосымша жабдықтарды сатып алу және өндіріс көлемін арттыру нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады.