2024 жылы республиканың әртүрлі салалары мен бағыттарында жұмыс істейтін бірқатар ведомстволар мен ұйымдар жалпы 5200 бірлік отандық өндірістің көлігін жаңартты, бұл жетістік «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асты.
Осы орайда, «Өнеркәсіпті дамыту қорының» көмегімен 2024 жылы еліміздің өңірлеріне мынадай түрлі мақсаттағы техника жеткізілді:
- Жедел медициналық жәрдем көліктері – 260 бірлік;
- Өртке қарсы қызметке арналған автотехника – 158 бірлік;
- Құқық қорғау органдарына арналған автокөлік – 738 бірлік;
- Қоғамдық жолаушылар автобустары – 1083 бірлік;
- Теміржол саласына арналған жолаушылар вагондары – 80 бірлік;
- Теміржол саласына арналған жүк вагондары – 2236 бірлік;
- Ауыл шаруашылығы техникасы – 213 бірлік;
- Арнайы мақсаттағы автотехника – 369 бірлік;
- Орман шаруашылығына арналған техника – 56 бірлік;
- Су шаруашылығына арналған техника – 6 бірлік;
- Электр пойызы – 1 бірлік.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның корпоративтік саясатының негізгі қағидаты – әлеуметтік маңыздылығы жоғары және азаматтар үшін ұзақ мерзімді тиімділігі бар жобаларға басымдық беру
Қор еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік сала үшін арнайы автокөліктер сатып алуға, теміржол саласындағы вагон паркін жаңартуға, сондай-ақ еліміздің өңірлеріндегі қоғамдық автобус көлігін жаңартуға белсенді қатысады, себебі бұл қызметтерді күн сайын республиканың мыңдаған азаматтары пайдаланады.