«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Алматы облысының медициналық мекемелеріне 70 жедел жәрдем автомобилі берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Алматы облысының медициналық мекемелеріне 70 жедел жәрдем автомобилі берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Алматы облысының медициналық мекемелеріне 70 жедел жәрдем автомобилі берілді

19.06.2026


2026 жылғы 18 маусымда, Медицина қызметкері күнінің қарсаңында, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Алматы облысында өңірдің емдеу мекемелеріне жаңа 70 жедел медициналық жәрдем автомобилін табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық мекемелердің басшылығы қатысты.

Биылғы жылдың басында Алматы облысының дәрігерлеріне осыған ұқсас 20 автомобиль берілген болатын. Осылайша, өңірдің санитарлық техника автопаркі жаңа арнайы көлік бірлігінің 90-ына толықты.

Jac JS4 және ГАЗ А31R23 маркалы отандық өндірістің санитарлық арнайы автокөлігі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық жабдықпен жарақталған, оның жиынтығына өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибрилляторлар, кардиомониторлар және басқа да өмірлік маңызды құрылғылар кіреді. Автомобильдер осы автокөлік түрінің сыныбы бойынша халықаралық стандарттарға сай келеді, бұл өңір тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ пациенттерді жедел тасымалдау кезінде уақтылы емдеу және реанимациялық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аталған жедел жәрдем көліктері медициналық бригадалар үшін де ыңғайлы. Бұл техниканың артықшылығы — Алматы облысының бедерлі, таулы жерлеріне төзімділігі.


Бүгінгі күні өңірде халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп жатыр.

Жалпы алғанда, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен ел бойынша медициналық мекемелер 2 200 жедел жәрдем автомобилін алды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес негізгі ESG-факторларды ұстана отырып, халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ отандық медицинаны дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды.

Экологиялық ESG-күн тәртібі әлеуметтік маңызды жобаларды қолдауға ерекше назар аударатын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның іргелі басымдықтарының бірі екенін атап өтейік.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 12 маусымда Қор ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету және елдің өзекті әлеуметтік міндеттерін шешуге жәрдемдесу мақсатында әлеуметтік облигацияларды орналастырды. Аталған облигациялар шығарылымы аясында тартылған қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға нысаналы түрде бағытталатын болады.

2025 жылы Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Өнеркәсіпті дамыту қорының жиынтық баллын 63-тен 66 баллға дейін арттырып, ESG рейтингін «2» деңгейінде растады. Бұл елдің қаржы секторы құрылымдарына берілген ең жоғары бағалардың бірі. Белгілі болғандай, ESG-күн тәртібі ең алдымен экологиялық және әлеуметтік факторларды қамтиды.