«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қор басшылығының атынан дипфейктер мен бұрмаланған хабарламалар туралы қайтадан ескертеді
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қор басшылығының атынан дипфейктер мен бұрмаланған хабарламалар туралы қайтадан ескертеді

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қор басшылығының атынан дипфейктер мен бұрмаланған хабарламалар туралы қайтадан ескертеді

13.11.2024

Құрметті серіктестер және әріптестер!

Өкінішке орай, зиянкестер тарапынан "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басшылығының атынан дипфейктер жасау және жалған хабарламалар жіберу фактілері қайтадан орын алғанын хабарлауға мәжбүрміз.

Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтік және/немесе дербес ақпарат беру, ақша қаражатын аудару және т.б. туралы өтінішпен барлық жазбаша және дауыстық хабарламалар нейрожелілер мен фишингтік платформаларды пайдалана отырып, қылмыстық мақсатта жіберіледі.

Осыған байланысты, ықтимал теріс салдардың алдын алу үшін сіздерден төмендегі сақтық шараларын сақтауды сұраймыз:

  • ​Сізге күмән туғызатын, оның ішінде жоғарыда көрсетілген санаттағы ақпаратты ұсынуға байланысты кез келген хабарламаларды, әсіресе, егер олар ақша аудару немесе өзге де бейресми әрекеттер жасау туралы өтініштерді қамтитын болса, елемеңіз;
  • Күдікті сілтемелерге кірмеңіз және осы хабарламалардағы тіркемелерді ашпаңыз;
  • Күдік туындаған жағдайда Қордағы тұрақты байланыс тұлғаңызбен немесе Қордың Қауіпсіздік қызметінің Бастығы – Распеков Марат Бақтжанұлымен (+7 701 530 48 12) хабарласуыңызды сұраймыз.

Қор корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр, алайда сіздің қырағылығыңыз осы жұмыстың тиімділігінде маңызды рөл атқарады.