Құрметті клиенттер, серіктестер мен әріптестер!
Соңғы уақытта зиянкестер тарапынан «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшылығының атынан дипфейк жасау және жалған хабарламалар жіберу фактілері жиілеп кеткенін хабарлаймыз.
Қызметтік және/немесе дербес ақпарат беру, ақша қаражатын аудару және т.б. туралы өтініші бар барлық жазбаша және дауыстық хабарламалар қылмыстық мақсатта нейрожелілер мен фишингтік платформаларды пайдалана отырып жіберіледі.
Осыған байланысты, ықтимал келеңсіз салдарларды болдырмау үшін сізден келесі сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз:
- Сізге күмән туғызатын, оның ішінде жоғарыда көрсетілген санаттағы ақпаратты ұсынуға байланысты кез келген хабарламаларды, әсіресе, егер олар ақша аудару немесе өзге де бейресми әрекеттер жасау туралы өтініштерді қамтитын болса, елемеңіз;
- Күдікті сілтемелерге кірмеңіз және осы хабарламалардағы тіркемелерді ашпаңыз;
- Күдік туындаған жағдайда Қордағы тұрақты байланыс тұлғаңызбен немесе Қордың Қауіпсіздік қызметінің Бастығы – Распеков Марат Бақтжанұлымен (+7 701 530 48 12) хабарласуыңызды сұраймыз.
Қор қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін салады, бұл ретте сіздердің қырағылықтарыңыз жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігінде маңызды рөл атқарады.