«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ стратегиялық сессия өткізді: аралық қорытындылар шығарылып, болашақ даму перспективалары айқындалды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ стратегиялық сессия өткізді: аралық қорытындылар шығарылып, болашақ даму перспективалары айқындалды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ стратегиялық сессия өткізді: аралық қорытындылар шығарылып, болашақ даму перспективалары айқындалды

30.10.2025

2025 жылғы 29 қазанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шара Қордың аралық нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтарды айқындауға арналды. Сессияның басты мақсаты – елдің өңдеу және инфрақұрылымдық салаларын кешенді түрде қолдауды жалғастыру, өндірістердің жергіліктену деңгейін арттыру, отандық өнім түрлерін кеңейту және көлік-логистика кластерін дамыту болды.



Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Карагойшин, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Марат Елібаев, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ринат Гаппаров, сондай-ақ Холдингтің, ҚДБ мен ӨДҚ-ның басқарма мүшелері және директорлар кеңесінің өкілдері қатысты.



Сессия барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ринат Гаппаров қатысушыларға Қордың қызмет нәтижелері туралы кеңінен баяндап, қаржы институтының тұрақты жыл сайынғы өсімін айғақтайтын негізгі көрсеткіштермен бөлісті. Сондай-ақ ол қолданыстағы бағдарламалар мен қаржыландыру тетіктері аясында отандық кәсіпорындар мен өндірушілерге көрсетілетін қолдауды күшейту жөніндегі жоспарлар туралы айтты.

Бүгінде Қордың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің өсуі жүйелі сипатқа ие, бұл институттың тиімді корпоративтік саясатының дәлелі болып табылады.

Мәселен, 2016 жылдан бері соңғы он жылға жуық уақытта Қордың активтері 125 млрд теңгеден 3 трлн теңгеге дейін өсіп, 24 есеге артқан. Жобалар портфелі 87 млрд теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 28 есеге көбейген. Ал таза пайда 365 млн теңгеден 45,7 млрд теңгеге дейін артқан.



Стратегиялық сессия қатысушылары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның айтарлықтай жетістіктерін, даму институтының тиімді қаржы саясатын және барлық негізгі бағыттар бойынша көрсеткіштердің өсуін жоғары бағалап, Қор қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.



Сессияның қорытындысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ринат Гаппаров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Қазақстанның даму банкі» басшылығына көрсеткен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Ол Қордың өңдеу және инфрақұрылымдық салаларды жүйелі түрде қолдауға бағытталған кешенді жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Бұл бағыттағы даму мультипликативтік және ұзақ мерзімді әсерге ие болып, түптеп келгенде ел экономикасы мен жалпы ішкі өнімнің өсуіне оң ықпал ететіні айтылды.