"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақыларын аударды.
2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына"қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды.
Қор Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады. Сондай-ақ, Қор ТЖ кезінде және ТЖ режимін енгізу кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді, қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеді.
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ командасы Мемлекет басшысының бастамасын қолдайды және күш біріктіре отырып, Қазақстан халқының бірлігін сақтайтынымызға сенімді.