«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылық қолдауымен Атырау автобус паркіне 100-ден астам қоғамдық көлік автобусы берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылық қолдауымен Атырау автобус паркіне 100-ден астам қоғамдық көлік автобусы берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылық қолдауымен Атырау автобус паркіне 100-ден астам қоғамдық көлік автобусы берілді

24.07.2025


2025 жылғы 23 шілдеде отандық өндірістегі «Yutong» маркалы 104 заманауи қоғамдық көлік автобусы «БатысТехИнвест» ЖШС-не Атырау және Маңғыстау облыстарының қалалық және аудандық бағыттарында қатынау үшін берілді.

Аталған жолаушылар автобустары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Жасыл даму» АҚ және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен қаржылық қолдауымен 7 жыл мерзімге, жылдық 0,01% жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алынды.


Айта кету керек, 2023 жылы бұл автокөлік кәсіпорны Қордың қолдауымен 68 автобус сатып алған болатын.

Автотехника қоғамдық көлік саласындағы халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Автобустар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы орындармен және пандустармен, электрондық билеттендіру және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Жолаушылар көлігін дамыту және халықты көлікпен қамтамасыз ету — әлеуметтік маңызы жоғары мәселе екені белгілі.


Автопарктің осындай ауқымды жаңартылуы тасымалдаушыға жолаушылар ағынын едәуір арттыруға, тұрғындардың көлік қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруға және қосымша маршруттарды іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «БатысТехИнвест» ЖШС-нің 82 маршруттық автобусы болған. Осылайша, жаңа 104 заманауи автобустың сатып алынуы нәтижесінде кәсіпорын автопаркін екі есеге кеңейтіп, күн сайын мыңдаған жолаушыны тасымалдауды қамтамасыз ететін болады.

Айта кетсек, 2023-2024 жылдары «БатысТехИнвест» ЖШС-нің жалпы жолаушылар ағыны 10 миллион адамнан асты.